ГлавнаяНовости

Новости



Таза ауыл – тартымды-ақ  15 ноября 2012 года
Сіз қандайда елді мекенге барғаныңызда ең әуелі неге көңіл бөлесіз? Әлбетте, ең бірінші ауылдың көркіне көз жібересіз, содан соң тазалығына көңіл аударасыз. Себебі, ауылдың көркін келтірер зәулім үйлер мен әсем ғимараттар жоқ. Тек, таза көшелері мен тегіс жолдары бірінші көзге түседі. Сондықтан да, әр ауыл тазалығымен тартымды болуға тырысуы керек. Әр ауылдың таза болып тұруы тұрғындарына сын. Осы тұрғыда ауданымыз бен ауданымызға қарасты елді мекендер қарап қалмады. Барлығы тазалық жұмысына белсене қатысып, ауылдарын тамдай етіп қоюға тырысып бақты. Мұның бәрін айтып отырған себебім, қарашаның 3-і күні республикалық тазалық күні өтті. Оған аудан және барлық селолық округтер өздерінің тұрғылықты ауылдары үлес қосты. Тазалық сақтауды әр адам өзінен, содан кейін қоршаған ортасынан бастауы керектей. Ауасын жұтып, суын ішіп отырған жерімізді таза ұстау - туған жерге, тұрған жерге деген құрмет. Олай болса, осы тазалық жұмысы барысының нәтижесі қандай болғанына назар аударып көрелік. -Кент бойынша 25 тонна қоқыс шығарылды. Оларды жинау, тасу, арту үшін 1 жүк артушы машина, 2 КАмаз, 1 қоқыс жинаушы машина іске қосылды. Тазалық жұмысына кентіміздің барлық мекемелері, мектеп оқушылары, жеке меншік кәсіпкерлері ат салысты,-деді кент әкімінің орынбасары М.Жұмашев. Ал, аудан бойынша берілген аудандық тұрғын үй коммуналды шаруашылығы бөлімінің мәліметіне сүйенер болсақ, аудан бойынша 195 ұжым тазалық жұмысына жұмылдырылыпты. Барлығы 6180 адам қатысқан. Сондай-ақ, 65 техника іске қосылған, оның 40-ы автокөліктер, ал 25 жүк артушы машиналар. Ауданның 41 га жері жиналып, 800 метр жері абаттандырылып, 411 ағаш кесілген көрінеді. Тазалық күні өткен селолық округтерден 600 тонна қоқыс шығарылды. Аталмыш, республикалық тазалық күні ауданымызда ойдағыдай өтіп, ауданымыздың ауылдары қоқыстардан тазарып қалды. Ә.Орынтаева

  << Вернуться к новостям



15-11-2012
Таза ауыл – тартымды-ақ
Сіз қандайда елді мекенге барғаныңызда ең әуелі неге көңіл бөлесіз? Әлбетте, ең бірінші ауылдың көркіне көз жібересіз, содан соң тазалығына
14-11-2012
Аудан әкімдігінде Жол қауіпсіздігі мәселесі талқыланды
«Жол мұраты –жету» дейді халық даналығы. Тарам-тарам тамырдай болып баласын ата-анасына, қызмет адамын түрлі жиналыстарға, кеңестерге жеткізетін – осы