ГлавнаяНовости

Новости



Аудан әкімдігінде Жол қауіпсіздігі мәселесі талқыланды  14 ноября 2012 года
«Жол мұраты –жету» дейді халық даналығы. Тарам-тарам тамырдай болып баласын ата-анасына, қызмет адамын түрлі жиналыстарға, кеңестерге жеткізетін – осы жолдар. Жолдардың сапасын бақылап, оларды ретке келтіріп отыратын арнайы мекемелер бар біздің ауданда. Олар - ДЭУ-1, ДЭУ-45 атты мекемелер. Ол мекемелер қыс айы, жаз айы демей, жолдардың ойқыш-ұйқышын тегістеп, қарын тазалайды, адамдарды сапалы жолдармен жүргізуге, діттеген жеріне жеткізуге күш салады. Бұл мекемелер мойнына артылған жүк өте ауыр. Заманымыз қарыштап, дамыған сайын, жолдарда түрлі көліктер -ауыры мен жеңілі желе жортады. Ауырлары жолдарды салмағымен жаншып, оларды тоңқылдаған тарамдарға айналдырады. Біздің аудан бойынан маңызды үш бағыттағы жолдар орын алған. Осынау жолдарда осы уақытқа дейін 23 көлік бір-бірімен соғылысса, 26 көлік аударылған. Егер де ол көліктерде бір отбасының адамдары сапарға шықса, ол отбасының тартқан шексіз қайғысы мен қасіретін көз алдыңызға келтіре беріңіз. Қараша айының 7-жұлдызында аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің міндетін атқарушы В.Лавриковтың, орынбасары Т.Елубаевтың, көлік жолдары, жолаушылар көлігі, тұрғын үй шаруашылығы бөлімінің бастығы Б.Дүйсекеевтің, Қарағанды облыстық Ішкі Істер департаменті жол полициясы басқармасы бастығының орынбасары О.Арыновтың, Бұқар жырау аудандық жол полициясы бөлімінің бастығы Т.Ахметов, «Сәт Көмір» компаниясының өкілі, аудан орталығындағы мекемелер мен кәсіпорындар басшыларының қатысуымен жол қозғалысы қауіпсіздігі тақырыбында жиын өтті. Жиында Талғат Елубаев, Талғат Ахметов, Болат Дүйсекеев өздерінің саласы бойынша атқарылған жұмыстар есебін берді, өзекті мәселелерді тілге тиек етті, жолдардың жөнделуі, ағымдағы іс-шаралар жайына тоқталды. Алда - қылышын сүйретіп келе жатқан қыс айы, табиғаттың қытымырланған шағында жолдарда адамдардың үсініп қалмауы жолында қандай іс-шаралар атқарылуы қажет, осылар жайында Олжас Арынұлымен тікелей сұхбат құрды. Біздің ауданның барлық ісі мен шараларының мәнісіне қанық ол басшыларға өз тарапынан кеңесін беріп, жол нұсқады. Бір қуантарлық жайт - «Сәт Көмір» компаниясының облыс орталығына көмір тасу үшін өз алдарына жол салып алғандары болды. Осы уақыттан бастап, барлық техника сол жолдарға шоғырланып, өздеріне қатысты тірлікті жасауда екен. Осыдан біршама уақыт бұрын түрлі жиындарда Доскей ауылы, Қарақұдық, Тоғызқұдық селолық округі тұрғындары жолдарды көмір компаниясы жүк тасушы көліктерінің жарамсыз жағдайға жеткізгені туралы мәселелер көтеретін. Бұл жағдай тіпті облыстық деңгейге де жеткен болатын. Мәселенің оңтайымен шешілгені сол ауылдар тұрғындарына да қуаныш әкелері сөзсіз. Өмір ағыны толаcсыз, ол бір орында тұрмайды, дами береді, алға тарта береді. 2012-2014 жылдарға бюджетте бірқатар селолық округтер мен кенттердің жолдарын жөндеу үшін қаржы бөлінген. Жол-көлік апаттарының алдын алу үшін көліктер толассыз ағылып жатқан жерлерде баннерлер мен билбордтар орнату, жол белгілерін қажетті жерге тез арада орнату, елді мекендерден өткен көліктердің шапшаңдығын анықтау үшін қажетті құралдар алынуы қажет екендігі т.б. жөнінде әңгіме өрбіді. Қ.Ахметова

  << Вернуться к новостям



15-11-2012
Таза ауыл – тартымды-ақ
Сіз қандайда елді мекенге барғаныңызда ең әуелі неге көңіл бөлесіз? Әлбетте, ең бірінші ауылдың көркіне көз жібересіз, содан соң тазалығына
14-11-2012
Аудан әкімдігінде Жол қауіпсіздігі мәселесі талқыланды
«Жол мұраты –жету» дейді халық даналығы. Тарам-тарам тамырдай болып баласын ата-анасына, қызмет адамын түрлі жиналыстарға, кеңестерге жеткізетін – осы